Крайстчерчтегі қанды шабуылдың құрбандары еске алынды

Жаңа Зеландияда Крайстчерч қаласында қанды шабуылдан қаза тапқандарды еске алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қаралы жиынға қайғылы оқиғадан аман қалғандар мен құрбандардың туыстары және елдің премьер-министрі қатысты. Джасинда Ардерн қоғамдағы нәсілшілдіктің кез келген түрін түбірімен жою қажет деп мәлімдеді. Осыдан 2 жыл бұрын жергілікті тұрғын жұма намазы кезінде қаланың 2 мешітінде оқ жаудырып, 50-ден астам адамды қырып салған болатын. Қаскүнем жантүршігерлік қылмысты фейсбукте тікелей эфирде көрсеткен. Жаңа Зеландияның Жоғарғы соты 28 жастағы Брентон Таррантты ешқандай рақымшылық жасалмайтын қылып, өмір-бақи түрмеде отыру жазасына кесті.

Джасинда Ардерн, Жаңа Зеландияның премьер-министрі:

– 15 наурыздан кейін біз көп нәрсені үйрендік. Жанымызды қан жылатқан қасіретті оқиғадан сабақ алдық. Қоғамдағы әралуандықты мақтан тұтатын және қорғай білетін мықты ұлтқа айналдық.