АҚШ қалаларының ішінде көлік кептелісінің ең жоғары деңгейі Нью-Йоркте тіркелген

Былтыр нью-йорктықтар орташа есеппен 100 сағат уақытын көлік кептелістерінде жол күтумен өткізіпті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Пандемия уақытындағы локдаунға қарамастан мұндай көлік тығынының сақталуы сала мамандарының назарын аударды.

Пандемия америкалықтардың жол жүру мәдениетіне де әсер етті. Атап айтқанда халық бейсауат жүрістен тыйылды. Қарым-қатынас азайып, барыс-келісі сиреп, көптеген қаладағы көшеде көлік саны кеміді. Әрі АҚШ-тың үлкен мегаполистеріндегі көлік кептелісі елу пайызға дейін төмендеген. Нәтижесінде америкалық жүргізушілер бір жылдың ішінде 75 сағат уақытын үнемдей алатын болды. Автокөлікпен жүріп өткен қашықтық болса, пандемия уақытында орташа есеппен 82 пайызға дейін төмендеген.

Нью-Йорк тұрғыны:

– Әрине кептелістің азайғаны мені қатты қуантады. Үлкен қалаларда жүріп-тұру мүмкін емес болатын. Ал қазір барлығы басқаша сезіледі. Әсіресе таңғы уақытта жұмысқа баратындар азайған. Бірақ қала бұрыңғы жағдайына қайта орлады деп ойлаймын, өйткені ерте ме, кеш пе пандемия аяқталады.

Пандемия уақытындағы оң өзгерістерге қарамастан АҚШ-тың кейібір қалаларындағы көлік кептелісі қайтадан арта бастаған. Алғашқы үштікке Нью-Йорк, Филадельфия және Чикаго қалалары енді. Мамандардың айтуынша, вакцинаның қолжетімді бола бастауы, штат орталықтарының ашылуы және қоғамдық орындардағы сақтық шараларының жеңілдеуі көлік кептелістерінің жиі болуына негіз болды.

Боб Пише, көлік кептелісін зерттеуші маман:

– Қазіргі кезде мейрамханаларға барып жатқан адамдардың саны күннен күнге артып келеді. Бұл әлбетте көлік нөпірінің артуына апарады. Әсіресе, мейрам күндері қалаға шығып, көңіл көтергісі келетіндер трафикке әсер етеді. Қазіргі вирустың тараған кезінде қандай да бір нақты болжам жасау қиын, бірақ қолдағы бар зерттеуге сүйенетін болсақ, бұрынғы кептелістердің деңгейіне қайта оралу жай ғана уақыттың еншісінде.

Талғат Алманов, тілші:

– Мамандардың айтуынша Нью-Йорк қаласындағы көлік кептелісінің жиілігі бір жылдың ішінде 28 процентке дейін түскен екен. Алайда бұл көрсеткіш басқа мегапоистермен салыстырғанда айтарлықтай төмен. Алдағы уақытта әлем елдеріндегі халықаралық бағыттағы әуе шектеулердің алынуы Нью-Йоркке келуші туристтердің көбеюіне әкеліп соғары анық. Өйткені бұл қала – әлем туристерінің келгісі келетін ең сүйікті бағыттарының бірі.

Талғат Алманов, Ринат Садыров