Иорданияда оттегі жетіспеушілігінен алты адам қайтыс болды

Иорданияда оттегі жетіспеушілігінен коронавирустан емделіп жатқан 6 науқас қайтыс болды. Қайғылы оқиға елдің солтүстік-батысындағы Ас-Сальт қаласындағы ауруханада болған.

Медицина қызметкерлері тез қимылдап, ауруханаға оттегі құйылған баллондар жеткізген. Осының арқасында көп науқас ажалдан аман қалған. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.

Юсе Әл-Аббади, жергілікті тұрғын:

- Алдын ала ақпарат бойынша оттегіні беру жүйесі істен шыққан және ешқандай сақтық шаралары қарастырылмаған. Негізі Иорданиядағы барлық ауруханаларда қозғалтқыштар дайын тұратын, олар электр тоғы үзілген бетте автоматты түрде бірден қосылатын. Тіпті коронавирус таралғанға дейін осындай жағдайда небір күрделі операциялар жасалатын.