Сербияда демалыс күндері қоғамдық орындар жабық болады

Сербия демалыс күндері барлық қоғамдық орындарды жабатын болды. Сондай-ақ шектеу шаралары елдегі азық-түлік дүкендері, дәріханалардан басқа барлық дүкендерге қатысты енгізілді.

Бұған дейін Сербия билігі коронавирусқа қарсы салу үшін ресейлік «Sputnik V» вакцинасын өзінде өндіретінін мәлімдеген болатын. Соған орай алдағы апталарда аталған препараттың 4 миллион дозасы жасалуы тиіс.