432,26 519.25 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Таиланд пілдер күнін атап өтті

  • 113
  • UPD: 10:26, 14.03.2021
Таиланд пілдер күнін атап өтті

Таиландта пілдер күні аталып өтті. Ежелгі астана Аютия қаласында өткен іс-шарада жануарларға жеміс-жидек үлестірілді.

Осылайша піл асыраушылар саяхатшыларға қарсы енгізілген шаралардың жеңілдетініне сенім білдірген. Қазір бұл аймақта қолға үйретілген 3800 алып жануар бар екен. Кәсіпкерлер індет кезінде оларды күтіп бағу оңай емес екенін алға тартады.

Айта кетейік, Таиландта пілдер ұлт мақтанышына және ел мәдениетінің нышанына айналған.

Иттипан Каруламай, кәсіпкер:

- Үкімет шектеулерді алып, елге шетелдік туристердің келуіне мүмкіндік жасайды деп сенеміз. Себебі бізге қазір пілдерді асырауға және олардың күтушілеріне ақша төлеу өте қиын. Туризм жанданса, экономикаға қан жүгірері сөзсіз.

Хабар 24 телеарнасы