Қытайда ерекше қонақ үйі ашылды

Мұнда қонақтармен қоса кәдімгі ақ аюлар да өмір сүреді. Аңдар әр бөлменің жанында бөлек орын-жайда емін-еркін жүреді.

Қонақтардың қалаған уақытында қызықтауы үшін жарық күні-түні өшпей, жанып тұрады. Бірақ жануарлардың құқығын қорғаушылар бұл жобаға қарсы шықты.

Олардың айтуынша, ақ аюлар жабық жерде емес, Арктикада тіршілік етуі тиіс. Белсенділер адамдарды қонақ үйге бармауға шақырып жатыр.