429,76 515.14 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Лондонда жүздеген әйел зорлық-зомбылыққа қарсы бас көтерді

  • 137
  • UPD: 11:54, 14.03.2021

Әйелдерді көшеге өткен аптада ұшты-күйлі жоғалып, кейін өлі денесі табылған Сара Эверард оқиғасы алып шықты.

Полиция ашынған қыз-келіншектерді күшпен таратуға әрекет жасаған. Бірақ сақшылар үлкен қарсылыққа тап болып, ақыры бірнеше әйелді қамауға алуға мәжбүр болған.

Естеріңізге сала кетейік, Сара Эверард 3 наурызда үйіне қайтып келе жатқан жолда із-түзсіз жоғалып кеткен.

Артынша «қызды өлтірді» деген айыппен Лондонның 48 жастағы полиция қызметкері қамауға алынды. Кеше осы атышулы іске байланысты сот процесі басталды. Бұл іске бүкіл Британия қоғамы көз тігіп отыр.

Хабар 24 телеарнасы