Словакияда стадион вакциналау орталығына айналды

Словакияда вакциналау науқаны қарқынды жүріп жатыр. Ел астанасы Братиславада ұлттық футбол стадионы екпе салатын үлкен орталыққа айналды.

Жергілітік билік өкілдерінің хабарлауынша, мұнда күнінен 2500-ге дейін адам вакцина салдыруы тиіс. Орталыққа тек астана халқы ғана емес, сондай-ақ маңайдағы елді мекендердің тұрғындары келе алады.

Естеріңізге сала кетейік, Словакияда індет басталғалы 5 жарым миллиондай халықтың 337 мыңы ковид жұқтырып, 8 мың 440 тұрғын көз жұмған болатын.

Томас Сзалай, дәрігер:

- Осы вакциналаумен бірге үлкен үміт пайда болды. Жаңа ашылған орталықтың барлық жерінде ауа баптағыш орнатылған. Ғимарат сағат сайын зарарсындандырылады. Сондықтан бұл жерді қауіпсіз деп сеніммен айтуға болады.

Сондай-ақ...