Дрезден қаласында шектеуге қарсы шеруде 12 полицей жараланды

Германияның Дрезден қаласында коронавирус шектеулеріне қарсы шеру соңы қақтығысқа ұласып, 12 полицей жарақат алды.

Биліктің ереуілдер ұйымдастыруға тыйым салғанына қарамастан көшеге мыңнан астам адам шыққан. Көпшілігі маскасыз жүрген. Наразы топ үкіметтен шектеулерді тез арада алуды талап еткен. Тәртіп сақшылары бірнеше белсендіні қамауға алды.

Айта кетейік, наурыз басталғалы Германияда індет жұқтырғандар саны арта түсті. Осыған байланысты билік карантин мерзімін сәуірге дейін ұзартқан болатын.

Сондай-ақ...