Румынияда коронавирус жұқтырғандар саны 859 мыңнан асты

Румынияда бір тәулікте 4383 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды.

Нәтижесінде елдегі COVID-19 жұқтырған науқастар саны 859 709-ға жетті.

Бұл туралы Agerpres агенттігіне сілтеме жасап, RT хабарлайды.

Айта кетейік, бұдан бұрын Румынияның Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау институты елде алғаш рет екі адамның коронавирус инфекциясының бразилиялық штамын жұқтырғанын мәлімдеген болатын.