Бразилияның бірнеше аймағынан коронавирустың жаңа штамы анықталды

Бразилияның бірнеше аймағынан COVID-19-дың жаңа штамы анықталды.

Бұл туралы осы елдің Ғылым және технология министрлігіне қарасты Ғылыми есептеу орталығы мәлімдеген. Бұл штамм Манаус және Рио-де-Жанейро қалаларында анықталған мутациялардан мүлде өзгеше. Жергілікті вирусологтардың айтуынша, жаңа штамның жұғу деңгейі алдыңғыларына қарағанда жоғары. Енді мамандар «соңғы мутацияның антиденелерге әсерін зерттейміз» дейді.

Тедрос Адханом Гебрейесус, ДДСҰ бас хатшысы:

- Бразилия аса маңызды әлеуметтік шаралар қабылдауы керек. Билік елдегі жағдай, жасалып жатқан және жасалуы тиіс іс-әрекеттер туралы нақты ақпарат беріп отыруы қажет. Бұл процесс барлық денсаулық сақтау жүйесін және барлық тұрғындарды қамтуы шарт.

Көрші Колумбияда бразилиялық штамнан алғашқы тұрғын қайтыс болды. Қаралы хабарды елдің Денсаулық сақтау министрлігі жариялады. Дәрігерлердің мәлімдеуінше, марқұмның асқынған бірнеше ауруы болған. Колумбия билігі 20 наурызда 1 миллион вакцина егуді бастайды.

Сондай-ақ...