Мьянмадағы жағдай ушығып барады, деп хабарлайды «Хабар 24».
«Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, әскер мен тұрғындар арасындағы қақтығыстан 5 адам қаза тапты.
Кеше ғана 13 тұрғын ажал құшқан болатын. Бұл елдегі бүлік басталғалы қақтығыс салдарынан кісі өлімі ең көп тіркелген кезең болып тұр. Белсенділер бастарына темір қалпақ киіп, қолдан бекіністер тұрғызып, мұздай қаруланған сарбаздардан шамасы келгенше қорғанып әлек. Көз жұмғандар саны 80 адамнан асып, 2100-ден аса ереуілші қамауға алынған.