Чикагода атыстан екі адам қаза тауып, 15 адам жарақат алды

Чикагода болған атыстан кем дегенде 15 адам жарақат алып, тағы екі адам көз жұмды.

Бұл туралы Chicago Tribune сайтына сілтеме RT хабарлайды.

Полицияның мәлімдеуінше, атыс түнгі сауық кеште болған.

Әзірге тәртіп сақшылары атыс себебін анықтаған жоқ. Оқиға орнында төрт табанша табылды.

Құқық қорғау органдары куәгерлерді тергеп-тексеріп жатыр.