432,26 519.25 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нидерландта коронавирустық шектеулерге қарсы ереуіл өтті

  • 119
  • UPD: 09:22, 15.03.2021
Нидерландта коронавирустық шектеулерге қарсы ереуіл өтті

Наразылық акциясының соңы тәртіпсіздіктерге ұласқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ереуілге 200-ге жуық адам жиналған. Полицейлер олардың әлеуметтік қашықтық сақтамағанын айтады. Осы ретте тәртіп сақшылары наразылық акциясының қатысушыларына үйлеріне қайту туралы ескерту жасаған. Алайда жұрт бұған құлақ аспаған соң, полицейлер суатқыштар қолданған.

Айта кеткен жөн, елде былтыр қазан айынан бері барлар, мейрамханалар мен мұражайлар жабық. Коменданттық сағаттың енгізілгеніне біраз болды. Бірақ вирусты жұқтыру деректері азаймай тұр. Осы ретте ереуіл қатысушылары шектеу шараларының тиімсіз екенін айтып, оларды алып тастауды талап еткен.  

Хабар 24 телеарнасы