Эверестке шығуға рұқсат етілді

Непалда індет тарағалы Эверест шыңына шығу ісі алғаш рет жандана бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазірдің өзінде 381 альпинист тілек білдірген. Бұл – коронавирус басталған былтырғы сәуір айында тауға шыққандар санымен салыстырғанда рекордты көрсеткіш.

Айта кетейік, әлемдегі ең биік 14 таудың 8-і осы Непал аумағында толық немесе жартылай орналасқан. Жылда жүздеген альпинист ел қазынасына миллиондаған доллар құяды.

Анг Шеринг Шепра, тауға өрмелеушілер қауымдастығының бұрынғы президенті:

– 300-ден астам адам Эверест шыңына шығамыз деп ресми өтініш тастады. Бұл сан өседі деп отырмыз. Себебі әлі біраз уақыт бар ғой. Өзіміз де шығамыз. Бірақ бір мәселе бар – біз әлі вакцина салдырған жоқпыз.

Сондай-ақ...