432,26 519.25 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Германияда коронавирусты жұқтырғандар саны қайта артты

  • 105
  • UPD: 16:10, 15.03.2021

Дертке шалдыққандардың 50 процентінен «британдық» штамм анытқталуда, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сарапшылар індеттің үшінші толқыны басталды деп дабыл қағуда.

Германияда індетке қарсы шектеулердің алынғанына бір апта өтпей жатып, коронавирусты жұқтырғандар саны қайта артты. Егер науқастар одан әрі көбейсе, жақында ғана ашылған шаштараздар мен сән салондары қайта жабылуы мүмкін. Бірақ соңғы сауалнамаға қарағанда тұрғындардың 46 проценті шектеулердің одан әрі жеңілдетуін қалайтынын айтты. Ал 26 проценті тыйымдарды қысқарту әлі ерте дейді.

Вивьен, Берлин қаласының тұрғыны:

- Шынымды айтсам, карантин тәртібін жеңілдетуге асықпау керек. Елде науқастар саны азайған жоқ. Індетке қарсы әлі көп адам егілемеген. 

Макс, Берлин қаласының тұрғыны:

- Мен де дүкендерді ашу әлі ерте деп ойлаймын. Қазір бұған қажеттілік жоқ. Одан да тестілеу орталықтарын көптеп ашқан дұрыс.

Соңғы бірнеше тәулікте Францияда 30 мыңға жуық адам вирусты жұқтырса, Германияда дертке шалдыққандар қарасы одан үш есе аз. Бірақ өткен аптадағы көрсеткішпен салыстылрғанда көп. Вирусты жұқтырғандардың 50 процентінде «британдық» штамм анықталды. Жағдай дәрігерлермен бірге саясаткерлерді де алаңдатып отыр. Билік азаматтардан жиі тексеріліп қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды. Ал мектептерде шектеулерді күшейту көзделген.

Лотар Вилер, Роберт Кох атындағы институттың басшысы:

- Біз індеттің үшінші толқынының алдында тұрмыз. Эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына жол бермеуіміз керек. Вирус өзідігімен жоғалып кетпейді. Бірақ егер ұжымдық имммунитетке қол жеткізсек жағдайды бақылауға алуға болады. 

Дәрігерлерден де маза кетті. Өйткені сарапшылар бір айдан кейін вирусты жұқтырғандар саны күніне 30 мыңға жетуі мүмкін дейді.

Шолпан Найманбаева, Милослав Лавриновский

Хабар 24 телеарнасы