Чехия AstraZeneca компаниясынан вакцина сатып алуды 40 процентке азайтты, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бұған қоса бірнеше еуропалық ел екпені қолдануды тоқтатты. Салдарынан фармацевтикалық алпауыттың жеткізілімі 10 миллион дозға азайды. Ал кейбір мемлекеттердің бұл компания препаратынан бас тартуына екпе алған кей адамдарда қанның ұюы себеп. Алайда AstraZeneca өз вакцинасының қауіпсіз екенін мәлімдеуде. Бірлестік өкілдерінің айтуынша, вакцина алғандарда қанның ұю дәл вакцинадан болғаны әлі дәлелденбеген.