Еуропада санитарлық сертификат қашан пайда болады?

Еуроодақта жаздың басына қарай бірыңғай санитарлық сертификат пайда болуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Онда құжат иесінің вакцина алған-алмағаны, коронавируспен қашан ауырғаны және тапсырған тестінің нәтижелері туралы ақпарат көрсетіледі. Бұл азаматтардың Еуроодақ елдері арасында қатынауын әлдеқайда жеңілдетуі тиіс. Сарапшылар соның арқасында туризм саласы қайта жандануы мүмкін деп отыр.

Айта кеткен жөн, жуырда Қытайда осыған ұқсас вакциналау туралы сертификат енгізілген. Онда жергілікті тұрғындардың жеке мәліметтері, сондай-ақ салдырған екпесінің атауы мен өндірушісі көрсетіледі. Қытай азаматтары бұл сертификатты шетелге шыққанда QR-код арқылы көрсете алады.