Моңғолияда құмды дауыл алты адамның өмірін қиды

Моңғолияда құмды дауылдан кем дегенде алты адам қаза тауып, 81 адам із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлады ТАСС.

Моңғолияда сенбі күні құмды дауыл соққан.

Қазіргі уақытта іздеу-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бұған дейін Бейжіңде құмды дауылға байланысты 428 рейс тоқтатылғанын хабарлаған болатынбыз.