430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нью-Йоркте коронавирустан 30 мыңнан аса адам көз жұмды

  • 107
  • UPD: 15:26, 15.03.2021
Нью-Йоркте коронавирустан 30 мыңнан аса адам көз жұмды

Бұл Екінші дүниежүзілік соғыс, Вьетнамдағы соғыс, Сэнди дауылы мен 11 қыркүйектегі лаңкестік әрекеттен көз жұмған қала тұрғындарын қоса есептегеннен де көп, деп хабарлайды «Хабар 24».

Негізі былтыр көктемде Нью-Йоркте коронавирус өршіп, шаһар індет ошағына айналған. Мұнда күніне 700 адамнан көз жұмған кездер болатын. Салдарынан мәйітханаларда орын жетпей, марқұмдарды жүк көлігінің тоңазытқыш камераларында сақтауға тура келді. Былтыр наурыз айында мұнда індеттен алғашқы науқас қайтыс болған еді. Сол себепті қалада құрандарды еске алу рәсімі өтті.

Билл Де Блазио, Нью-Йорк қаласының мэрі:

– Таңертең ұйқыдан тұрғанда, құрбандардың тізіміне қарап, көңілім жабырқайды. Ондағы жантүршігерлік сандарды көру оңай емес. Біз коронавирустан 30 мыңнан аса тұрғынымыздан айырылып қалдық. Бұл індеттің салдарын Нью-Йорктің әрбір отбасы сезінді деуге болады.

Хабар 24 телеарнасы