Ұжымдық иммунитет коронавирустың бетін қайтара ала ма?

Пандемия басталғалы АҚШ-тың денсаулық сақтау мамандары ұжымдық иммунитетті қалыптастыру керек екенін айтып келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өйткені халықтың басым бөлігі вакциналанса, қатерлі індеттің адамнан адамға жұғуы екіталай болады. Иммунологтардың айтуынша, ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін америкалықтардың жоқ дегенде 80 проценті вакциналануы тиіс. Жаздың соңына дейін бұл межеге жету әбден мүмкін дейді мамандар. Қазірдің өзінде 70 миллион америкалық, яғни халықтың 21 проценті коронавирус індетіне қарсы екпені салдырып үлгеріпті.

Пол Оффит, иммунолог:

– Алдағы уақытта 80 проценттік деңгейге жетсек, қазіргі жағдай әлдеқайда жақсарады. Яғни алдағы қыс маусымында вирустың асқынуының алдын алуға болады деген сөз. Өйткені бұл вирус қыста өршіп, күшейе бастайды. Мәселен, өткен жаз айларына анализ жасасаңыз, ауырғандардың саны салыстырмалы түрде төмен болған еді. Ал қыста қайта өршіп кетті.

Сондай-ақ...