Мьянмада шеру кезінде 38 адам қаза тапты

Мьянмада соңғы бір күнде әр қалада өткен наразылық шаралары кезінде 38 адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

80-ге жуық кісі жарақат алып, жүзге жуық шеруші қамалды. Бұл туралы Саяси тұтқындарға көмек қауымдастығы мәлімдеді. БҰҰ Мьянмадағы билікті басып алған әскерилердің күш қолдауын айыптап, қырғынды тоқтатуға шақырды.

Еске сала кетейік, Мьянмада наразылық ақпанның 1-і күні әскери төңкерістен кейін басталған болатын. Әскерилер билікті басып алып, ел басшылығын қамап тастаған.

Сондай-ақ...