430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ресейде құймақтан алып мұнара жасалды 

  • 132
  • UPD: 16:59, 15.03.2021

Ресейдің Кемер облысында құймақтан алып мұнара тұрғызылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның биіктігі 3 жарым метрден асады. Ал диаметрі 20 сантиметрден кем емес. Масленицаға орайластырылған сауық-сайранға арнайы бір жарым мың құймақ пісіріліпті. Олар құлап қалмас үшін ортасына темір қадап қоюға тура келген. «Мұнара» Ресейің рекордтар кітабына енді. 

Станислав Коненко, Ресейдің рекордтар кітабының бас редакторы:

– Ресейдің рекордтар кітабында мұндай жетістік алғаш тіркеліп отыр. Әуелде біз мұнараның биіктігі қанша боларын білмедік. Бірақ кемі 2 метр болсын деген талап қойылды. Ал бүгінгі мұнара біз ойлғаннан да асып кетіп, биіктігі 3 метр 51 сантиметрге жетті.

Хабар 24 телеарнасы