ДДСҰ AstraZeneca вакцинасының қауіпсіздігін талқылайды

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бүгін AstraZeneca вакцинасының қауіпсіздігін талқылайды.

Бұл туралы ұйым басшысы Тедрос Гебрейесус мәлімдеді. Халықаралық сарапшылар мәселені Еуропаның дәрі-дәрмек жөніндегі агенттігімен бірігіп қарастырмақ. Алайда ұйымның бас ғылыми қызметкері Сумья Сваминатан AstraZeneca препаратын пайдаланауды жалғастыруға кеңес беріп отыр. Себебі адамдарда қанның ұюы осы вакцинамен байланысты екені әлі дәледенбеген.

Еске сала кетейік, Еуроодақ бұл компанияның вакцинасын қолдануға өткен қаңтар айында рұқсат еткен. Бірақ кейін препарат қолданылған кей елдерде адам ағзасында қанның ұюы тіркеліп, оны салу уақытша тоқтатылды.

Тедрос Адханом Гебрейесус, ДДСҰ басшысы:

- Өткен жұма күннен бері тағы бірнеше мемлекет перепараттың екі дозасын алған адамдарда қанның ұюы байқалған соң оны қолдануды тоқтатты. Бірақ оның дәл осы екпеден болғанына әлі еш дәлел жоқ. Дегенмен, бұл түрлі эпидемиологиялық бақылау жүйесі тиімді жұмыс істеп жатқанын көрсетеді.

Сондай-ақ...