Францияда AstraZeneca вакцинасын қолдануға уақытша тыйым салынды

Франция AstraZeneca вакцинасын қолдануға тыйым салды.

Бұл туралы осы елдің президенті Эммануэль Макрон мәлімдеді. Оған дейін Буш-дю-Рон департаментінің құтқарушылары осы препаратты салдырған әріптестерінде жанама әсерлер пайда болғанын айтып, одан бас тартқан. Дегенмен, ресми Париж тыйым Еуропаның дәрі-дәрмек жөніндегі агенттігінің шешімі шыққанша қабылданғанын айтады. Германия мен Италия да вакцинаны қолдануды уақытша тоқтатты. Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропада санитарлық жағдай нашарлай бастағанын айтып, екпені пайдалануды жалғастыруға шақырып отыр. Мысалы, Францияда дертті жұқтыру көрсеткіші індеттің екінші толқынының шырықтау шегіндегідей деңгейге жеткен. Жансақтау бөлімдері науқастарға толған. Жуық арада әскерилер дала госпитальдарын салуға кіріспек.

Эммануэль Макрон, Франция президенті:

- Індеттің таралуына байланысты жақында жаңа шешімдер қабылдаймыз. Мен үкіметтен қандай шектеулерді алатынымызды нақты көрсететін кесте дайындауды сұрадым. Біздің италиялық әріптестеріміз төртінші рет карантин енгізуді шешті. Сондықтан біз де елдегі жағдайды нақты бағалап әрекет етуіміз қажет.