Колорадо штатында қалың қар жауып, мыңдаған адам жарықсыз қалды

АҚШ-тың Колорадо штатында жауған қалың қар мен боран жергілікті халықты әуре сарсаңға салды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мамандар желдің екпіні сағатына 72 шақырымға дейін жеткенін айтады. Табиғаттың тосын мінезінен аймақтың мыңдаған тұрғыны жарықсыз отыр. Денвер әуежайында ондаған рейс жоспарлы сапарына ұша алмай қалды. Салдарынан 500-ге жуық жолаушыға әуежайда түнеуге тура келді. Тас жолдарда көлік қатынасы тоқтады. Қазір мамандар табиғат апатынан келген шығын көлемін есептеуге кірісті. Синоптиктердің болжамы көңіл көншітпейді. Айтуынша, қолайсыз күн райы әлі бірнеше күн бойы жалғасады.