Пәкістанның оңтүстігіндегі жойқын жарылыстан 11 адам жарақат алды

Пәкістанның оңтүстігіндегі Карачи қаласында болған жойқын жарылыстан 1 адам мерт болып, тағы 11 тұрғын жарақат алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, жарылғыш зат орнатылған автокөліктің күлі көкке ұшқан. Жарақат алғандардың ішінде полиция өкілдері де бар. Болжам бойынша қаскөйлердің көздегені тәртіп сақшылары болған. Әзірге лаңкестік оқиғаға қатысты жауапкершілікті ешбір террорлық ұйым өз мойнына алған жоқ. Мамандар іске қатысты тергеу амалдарын бастады.