Аргентиналық футболшы бұл жолы гол соғу көрсеткіші бойынша Ла Лиганың үздігі атанды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Ол 13 маусым бойы кемінде 20 доптан соғып келген. Әсіресе, «Барселона» мен «Уэска» арасындағы соңғы кездесуде 2 рет мергендігімен көзге түсіп, дубльдің авторы атанды. Бұған қоса, Антуан Гризманн мен Оскар Мингеса да мүмкіндіктерін мүлт жібермеді. Соның арқасына котолондық клуб 4:1 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, «Барселона» қатарынан 17 матч ешкімге есе жібермей келеді. Рональд Куман баптайтын жігіттер қазір турнир тізімінің екінші сатысында. Көш басындағы «Атлетико» арасын 4 ұпай бөліп тұр.
Айта кету керек, Месси үшін бұл «Барселона» сапындағы 767-ші кездесу. Яғни, ол бұл көрсеткіш бойынша бұрынғы команда капитаны және рекорд иесі Хавимен теңесіп отыр.