Германия AstraZeneca вакцинасынан бас тартты

Германия билігі де AstraZeneca препаратын өз азаматтарына екпейтін болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елде мұндай жағдай 7 мәрте қана тіркелген. Жалпы AstraZeneca екпесін Германияда 1,6 млн адам қабылдаған. Мамандар вакцинадан кейін қандай да бір шағым болса, дереу дәрігерлердің көмегіне жүгіну керек екенін айтады.

Йенс Шпан, Германияның денсаулық сақтау министрі:

- Әлем бойынша миллиондаған адам AstraZeneca препаратын қабылдап үлгерді. Вакцинаның алдағы тағдарын Еуропаның дәрі-дәрмек бойынша агенттігі шешетін болады. Сарапшылардың толық зерреуінен кейін ғана бұл дәріге қайта сенім арта аламыз.