Жапония билігі AstraZeneca вакцинасының тексеріліп жатқанын мәлімдеді

Жапония да AstraZeneca вакцинасына қатысты ақпарат жинап, мәселені қарастырып жатыр.

Бұл туралы Премьер-министр Ёсихидо Суга коронавирусқа қарсы вакцинаның алғашқы дозасын алған соң мәлімдеді. Үкімет басшысының айтуынша, AstraZeneca-ға қатысты жағдайды Денсаулық сақтау министрлігі тексеріп, оны қолдану тек жан-жақты сараптамадан кейін ғана шешілмек. Жалпы қазір күншығыс елінде Pfizer компаниясының екпесін қолдануға ғана рұқсат етілген.

Ёсихидэ Суга, Жапония премьер-министрі:

- Біз тұрғындарға вакциналар туралы толық ақпарат беріп жатырмыз. Және адамдардың өзін қауіпсіз сезінуі үшін барлық жағдай жасауға күш салатын боламыз.