Ауғанстанда студенттер мінген автобусқа шабуыл жасалды

Ауғанстанда Баглан провинциясындағы университеттің оқытушылары мен студенттері мінген автобусқа содырлар шабуыл жасады.

Салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлады РИА Новости.

Шабуыл салдарынан автобус жүргізушісі мен студент қаза тауып, тағы алты мұғалім жарақат алды.

«Автобуста шамамен 25 мұғалім мен студент болған», - деп хабарлады Tolo News.