433,15 516.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оралдық студент баспанаға жинаған ақшасын бүлдіршіннің еміне аударды

  • 111
  • UPD: 15:26, 16.03.2021

Оралдық қарапайым студент Серік Мұқашевтың игі ісі көпті тәнті етті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол қатерлі індетке шалдыққан Эмир есімді бүлдіршіннің еміне 1 миллион теңге аударды. Баспана аламын деп жинаған ақшасын ол осылайша, қайырымылыққа аударды. «Бастысы сәби айығып кетсе екен» деп тілейді.

Серік Мұқашев, студент:

- Біреулер «сен дұрыс істемедің, сен әлі өзіңді көтерген жоқсың», «мұндай ақша беру үшін сен бизнесмен болу керексің» деп айтады. Мен әлі жаспын. Мен өзімнің қойған мақсатыма жетемін. Пәтер аламын десем, мен аламын. Жұмыс жасаймын, Құдайға шүкір. Бәрі әлі алда. Кім қанша жалақы табатыны маңызды емес. Көмектескің келе ме, көмектес.

Хабар 24 телеарнасы