Бразилияда денсаулық сақтау министрі тағы ауысты

Бұл – осы елде індет таралғалы бас дәрігердің төртінші мәрте өзгеруі.

Індетпен күрестегі жауапты қызметке бұл жолы кардиолог-дәрігер тағайындалды. Себебі осы министрлікті басқарған үшінші шенеунік те елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы үшін сынға ұшыраған. Бірақ осыған қарамастан, президент Жаир Болсонару: «ол өз қызметін жақсы атқарды», – дейді. Ал соңғы уақытта Бразилияда індеттің таралуы күшейіп, аурханалардағы науқастар қарасы қайта көбейген.