Әлемде егіздер саны еселеп артып кетті

Дүниежүзілік ғалымдардың жүргізген зерттеулеріне сәйкес жер бетінде туып жатқан егіздердің саны еселеп артып кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Статистика бойынша жыл сайын әлемде шамамен 1 млн 600 мың егіз туады екен. Егер өткен ғасырдың 80-жылдары әр 1 мың әйелдің ішінде 9-ы ғана егіз бала туса, қазір мыңның ішінде 12-сі дүниеге егіз әкеледі. Мамандар бұл үрдіске дамыған мемлекеттерде қолға алынған «Экстракорпоральды ұрықтандыру жұмысының бір ізге қойылғаны себеп», - дейді. Мәселені шешу үшін Еуропа мен Солтүстік Америка ғалымдары бедеулік ауруын емдеудің жолдарын жан жақты қарастыра бастады.

Кристиан Монден, профессор:

- Соңғы 30-40 жылда дамыған елдерде кеш туатын әйелдердің қатары көбейді. Көбінесе олар жасанды ұрықтандыру жолымен егіз бала туады. Көбінесе егіздер Солтүстік Америка мен Азия елдерінде көп кездеседі.