Үндістанда карантин күшейтілді

Үндістанда коронавирус дес берер емес. Инфекция жұқтырғандар саны әлі артып жатыр. Өткен тәулікте қауіпті вирус 26 мыңнан астам адамнан анықталған.

Бұл жыл басынан бергі ең жоғары көрсеткіш. Қазір елдің кей өңірлерінде шектеу шаралары күшейтілген. Мәселен, бір қалада тұрғындардың себепсіз сыртқа шығуына тыйым салынса, енді бірінде көшеде маскасыз жүруге болмайды.

Еске сала кетейін, Үндістан коронавирус жұқтыру көрсеткіші бойынша әлемде үшінші орында. Індет басталғалы бері мұнда шамамен 11 жарым миллон кісі науқас деп танылған.

Сондай-ақ...