АҚШ-та массаж салондарына шабуыл жасалды: жеті адам қаза тапты

АҚШ-тың Атланта қаласы маңындағы Чероки округінде және қаланың өзінде массаж салондарына бірқатар шабуыл жасалды.

Кемінде жеті адам атыс қаруынан қаза тапты.

Мәліметтер бойынша, алғашқы жағдай Чероки округінде болған. Онда массаж салонының қызметкерлерін атқан 21 жастағы Роберт Аарон Лонг ұсталды. Үш адам қаза тауып, тағы екеуі жарақат алды.

Бұл оқиғадан соң бірнеше сағат ішінде Лонг бостандықта жүрген кезде Атлантаның солтүстігіндегі екі салонға дәл осындай шабуылдар жасалған. Тағы төрт қызметкер құрбан болды.