Бельгия AstraZeneka вакцинасын салуды жалғастыра береді

Бельгиялықтардың көбі «АстраЗенека» вакцинасын салдыруды жалғастырады. Егілуге алдын ала жазылған 2 мың адамның аз ғана бөлігі келуден бас тартқан.

Бұл туралы осы елдің екінші ірі қаласы Антверпендегі басты вакциналау орталығының өкілі «Рейтер» агенттігіне мәлімдеді.

Бұған дейін Австрия, Германия, Италия, Нидерланд, Ирландия, Норвегия, Дания, Эстония және Исландия «АстраЗенеканы» егуді тоқтатқан болатын. Себебі аталған препаратты қабылдаған кейбір адамдардың қаны ұйыған. 

Джан Струбантс, вакциналау орталығы төтенше жағдай департаментінің басшысы:

- Вакцина салдыруға келуден бас тартқандардан себебін сұрамадық. Олар ауырып тұруы немесе басқа да себептері болуы мүмкін ғой. Дегенмен, бұл бас тартудың «АстраЗенека» екпесімен байланысы бар дегенді де жоққа шығара алмаймыз. Бірақ кейбір адамдар бас тартқанымен олардан босаған орындар бірден толып қалып жатыр.