Өзге елдер бас тартқанымен Франция AstraZeneka вакцинасын сала береді

Басқа еуропалық елдер «АстраЗенека»-дан бас тартып жатқанда Франция осы препаратпен вакциналауды жандандырғалы жатыр.

Ел үкіметі Дәрі-дәрмек жөніндегі еуропалық агенттіктің «АстраЗенека»-ны салдырған кейбір науқастардың қанында тромбтардың пайда болғанына еш дәлел жоқ деген мәлімдесіне сеніммен қарап отыр. Аталған мекеме осы екпе туралы оң шешім шығарса, ресми Париж «АстраЗенека»-ны қайта қолданысқа енгізбек. 

Оливье Веран, Францияның денсаулық сақтау министрі:

- Біздің білетініміз AstraZeneca вакцинасы ауыр жағдайда өте тиімді. Сондықтан ол біздің вакциналау стратегиямызда маңызды роль атқарады. Шынын айту керек, соңғы 3 аптада біздің елге келген дозалар тым жеткіліксіз. Уәде бойынша мұнан да көп доза келуі тиіс еді. Сонда да біз бұл вакцинадан бас тартпаймыз. 

Францияда Ковид-19-дың үшінші толқыны басталуы мүмкін. Бұл туралы осы елдің премьер-министрі мәлімдеді. Бұған дейін енгізілген карантиндерге қарамастан республикадағы эпидемиологиялық жағдай жақсармаған. Қазір бір ғана Париж аймағындағы ауруханаларда мыңнан астам науқас жатыр. Бұл індет қатты ушыққан былтырғы күздегі көрсеткіштен де жоғары. Ал елдің солтүстік-батысында ковидтің жаңа штаммдарын 79 адам жұқтырған. Дәрігерлердің айтуынша, мутацияларды қазіргі тестілер арқылы анықтау қиын. 

Жан Кастекс Франция премьер-министрі:

- Бізде індеттің үшінші толқыны басталғалы тұрғандай. Бұған ковидтің әртүрлі мутациялары себеп болғалы тұр. Әсіресе британиялық штамнан қауіп зор.

Сондай-ақ...