Йеменде қарсылас тараптардың текетіресі ушықты

Йеменде хуситтер Мариб қаласын зымыранмен атқылады. Салдарынан 2 адам қаза тауып, 7 кісі жарақат алды. Бомбаның бірі қаладағы базар маңына түскен.

Ал ақпарға қарағанда, соңғы күндері үкімет күштері мен хусит жасақтары арасында қақтығыс күшейген. Үкімет әскері ондаған бүлікшіні жер жастандырғанын айтады. Және Хаджа мен Абс провинциясында бірнеше ауданды бақылауна алған.

Еске сала кетейік, Йеменде қақтығыс 6 жылдан бері жалғасып келеді. Соғыстан 130 мыңнан аса адам қайтыс болып, миллиондаған тұрғын ашаршылыққа ұшырап, гуманитарлық дағдарыс орнаған.

Сондай-ақ...