433,55 515.14 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Лондон халқы полиция озбырлығына қарсы қайтадан шеруге шықты

  • 85
  • UPD: 12:57, 17.03.2021
Лондон халқы полиция озбырлығына қарсы қайтадан шеруге шықты

Ұлыбританияда полицияның қатігез әрекеттеріне қарсы тағы шеру өтті. Жүздеген адам Лондондағы парламент ғимаратының алдына жиналып, полиция туралы жаңа заң жобасына наразылық білдірді.

Себебі құжат тәртіп сақшыларының наразылық акцияларын бақылау бойынша өкілеттіктерін күшейтеді. Және сотқа шеруге қатысқандарға қатаң үкім шығаруға мүмкіндік береді. Оның үстіне наразылық осы айдың бас кезінде Лондонда Сара Эверард есімді әйелді өлтіріп кетуге байланысты күшейген. Себебі іске бір полицейдің қатысы бары анықталды. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы