АҚШ-та массаж салондарына жасалған шабуылдан 8 адам көз жұмды

АҚШ-тың Джорджия штатындағы үш СПА-салонда атыстан 8 адам ажал құшты.

Бірінші шабуыл Атлантаның маңында болған. Массаж салонына кірген қаскүнем бей-берекет оқ жаудырған. Салдарынан 2 адам оқиға орнында көз жұмып, тағы екеуі аурухана жан тапсырды. Екінші жағдайда 3 әйелдің, ал үшінші оқиғада бір келіншектің өмірі қиылған.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, құрбандардың барлығы Азия елдерінен келгендер. Полиция бірінші СПА-салонда оқ атқан күдіктіні қамауға алды. Тергеушілер үш оқиғаның арасында байланыстың бар-жоғын тексеріп жатыр.