Чилиде вакцина салынған адам саны бес миллионнан асты

Чилиде коронавируске қарсы егілген адамдардың саны 5 милионнан асты. Олардың жартысынан көбі қарттар.

Бұл туралы осы елдің президенті Себастьян Пиньера мәлім етті. Келесі аптаның ортасынан бастап 50 мен 60 жас аралығындағы қарт кісілерді егу қолға алынғалы жатыр. Жалпы Чили халықты вакциналау бойынша Латын Америкасында бірінші, ал әлемде Израиль, Біріккен Араб Әмірліктері және Ұлыбританиядан кейін 4-орында келеді. Үкімет маусым айының соңына дейін 19 миллион тұрғынның 15 милионын вакциналауды жоспарлап отыр. Бірақ сарапшылар елдегі эпидемиологиялық ахуал әлі жақсара қоймағанын айтады. Чилиде індет басталғалы 900 мыңнан аса адам вирус жұқтырыпты.

Горацио Голдсмит,  жергілікті тұрғын:

- Вакциналау індетпен күресу үшін қолға алынған өте маңызды шара. Екпе салдырғандардың 5 миллионнан асуы үлкен жетістік. Бұл халықтың вирустан қорғалуы жақындай түскенін білдіреді.

Сондай-ақ...