Мьянманың Янгон қаласында өткен жексенбі күні болған қырғыннан кейін тұрғындар қаладан қашып жатыр.
Шаһарда жүктерін тиеп, қаладан шығуға асыққан көліктер көбейген. Бейбіт тұрғындар өткен күндердегі қақтығыстардан кейін қуғын-сүргін күшейіп, тағы тәртіпсіздіктер көбейе ме деп алаңдаулы.
Еске сала кетейік, өткен жексенбі күні Янгонның Хлаинг Тар Яр ауданында әскерилерге қарсы шеру соңы қақтығысқа ұласып, 30-дан астам адам қаза тапты. 5 зауыт өртеп жіберілді. Шаһардың көп бөлігінде әскери жағдай енгізілген.
Жалпы Мьянмада әскери хунта билікті басып алып, толқулар басталғалы қаза тапқандардың саны 184-ке жетті.