Иранда от мерекесі кезінде тоғыз адам көз жұмды

Ирандағы дәстүрлі от мерекесі – Чаршанб-е Сури кезінде тоғыз адам қайтыс болды және 1800-ден астам адам жараланды.

Бұл туралы Иранның төтенше жағдайлар ұйымының ресми өкілі Моджтаба Халеди хабарлады.

«Биыл Чаршанб-е Сури мерекесіне қараған түні тоғыз адам қайтыс болды, 1894 адам жарақат алды», - деп ол. Айтуынша, былтыр төрт адам қаза тауып, 1498 адам жараланған.

Чаршанб-е Сури – Иран Жаңа жылының алдындағы соңғы сәрсенбіге қараған түні атап өтілетін дәстүрлі мереке. Бұл күні адамдар от жағып, оның үстінен секіреді.

Сондай-ақ...