Сербияда жаңа шектеулер енгізілді

Сербияда бүгіннен бастап жаңа шектеу шаралары енгізілді. Себебі наурыздан бері ковид-19 жұқтырудың күнделікті көрсеткіші 4 мыңнан асқан.

Тіпті соңғы 1 күннің ішінде 5201 адам індетке шалдыққан. Осыған байланысты азық-түлік дүкендері, дәріханалар мен газ станцияларынан басқа барлық сауда орындары жабылды. Премьер-министрдің мәлімдеуінше, локдаун алдағы дүйсенбіге дейін сақталады.

Айта кетейік, 7 миллионға жуық тұрғыны бар Сербияда вакциналау науқаны өткен жылдың аяғына қарай басталған болатын. Бұған дейін 800 мыңдай тұрғын екпенің 2 дозасын қабылдаған.

Ана Брнабич, Сербияның премьер-министрі:

- Қазіргі ушыққан жағдайдың бірден бір шешімі тек вакцинаға байланысты. Соңғы ақпарат бойынша Сербияда екпе алу үшін күніне 10 мыңнан 12 мың адамға дейін тіркелуде.

Белградта ковид-19 өршіп барады. Бұдан қонақ үй және тамақтану бизнесі зардап шегуде. Біздің дүкендер желісі 20 процентке қысқарды. Жаңа шектеулер тауарларымыздың сатылымына кері әсерін тигізбек. Бірақ көнбеске амал жоқ.