Норвегияда коронавирустың үшінші толқыны басталды

Норвегияда COVID-19-дың үшінші толқыны басталды.

Бұл туралы жергілікті денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Елде вирус жұқтырып жатқандар қатары өте көп. Өткен тәулікте қауіпті инфекция 1 мыңнан астам адамнан анықталған. Бұл бұрын-соңды болмаған көрсеткіш. Осындай ахуалға байланысты ел астанасында басталғалы бері болмаған ең қатаң шектеу шаралары енгізілді. Енді Осло тұрғындары үйлерінде екі адамнан артық қонақ күте алмайды. Оқушылар қашықтан білім алады. Ал мейрамханалар мен азық-түлік сатпайтын дүкендер бұрынғыша жабық болады. Тек жеміс-жидек сататын сауда нүктелері, дәріханалардың жұмыс істеуіне рұқсат.