430,73 519.25 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еуроодақ осы аптада вакциналау төлқұжатының жобасын ұсынбақ

  • 104
  • UPD: 22:20, 17.03.2021
Еуроодақ осы аптада вакциналау төлқұжатының жобасын ұсынбақ

Еурокомиссия осы аптада «жасыл төлқұжаттың» жобасын ұсынбақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол коронавирусқа қарсы екпе салдырғанға беріледі. Бұл құжат арқылы азаматтар одақ аумағында емін-еркін қатынай алады. Яғни туризм саласы қайта жандануы мүмкін. Алғашында «жасыл төлқұжат» мобильді қосымша түрінде жасалуы тиіс еді. Алайда Еуроодақтағы кейбір елде оған техникалық мүмкіндік жоқ. Бұл төлқұжатқа қатысты одақ азаматтарының пікірі де қақ жарылды.

Блиц:

- Испания шетелдік туризмге тәуелді. Біздің мемлекет коронавирустан қатты зардап шекті. Бұл төлқұжат шетелдіктердің саяхаттауын жеңілдетеді.

Блиц 2:

- Бұл төлқұжаттың пайдасы шамалы. Өзге елге кіргенде онсыз да коронавирусқа тест тапсырамыз ғой. Егер ол оң нәтиже көрсетсе, үйде қалуға тура келеді. Теріс болса, емін-еркін саяхаттай береміз. Сонда төлқұжаттың не керегі бар?

Қарсы тараптар «бұл төлқұжат ел арасында теңсіздік тудырады» дейді. Өйткені кейбіреулер денсаулығына байланысты екпе салдыра алмайды. Тиісінше, құқығы шектелуі мүмкін. Негізі осы күнге дейін «жасыл төлқұжаттар» Израиль, Қытай мен Бахрейнде енгізілген.

Хабар 24 телеарнасы