Польшада коронавирусқа байланысты жалпыұлттық локдаун жарияланады

Өйткені елдегі эпидемиологиялық ахуал күрт нашарлап барады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тәуліктік өсім 25 мыңнан асып кетті. Бұл былтыр қарашадан бері ең үлкен көрсеткіш саналады. Негізі, бұған дейін вирус өршіп тұрған кейбір өңірлерде карантин енгізіліген еді. Енді бүкіл ел аумағында локдаун жарияланады. Сөйтіп 20 наурыздан бастап қонақ үйлер, мәдәни және спорттық нысандар жабылады. Сауда орталықтарының жұмысы шектеледі. Оқушылар қашықтан білім алады. Негізі, қазір көрші Украина мен Германиядағы эпидемиологиялық ахуал да күрделі. Сарапшылар бұл елдерде коронавирустың үшінші толқыны басталғанын айтады.