Өзбекстанда коронавирус өршіп барады

Күніне қауіпті індетті 100-ден астам адам жұқтырып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Көрші елде санитарлық-эпидемиологиялық ахуал бұған дейін жарты жыл бойы тұрақты еді. Эпиджағдай нашарлаған соң, жергілікті билік карантин талаптарын күшейтті. Енді қоғамдық орындарда маскасыз жүргендерге 100 доллар айыппұл салынады. Ташкенттің үш ауданындағы мектептер қашықтан білім беруге көшті. Алайда Наурыз мерекесін тойлауға тыйым салынбаған.

Баходир Юсупалиев, Өзбекстан денсаулық сақтау министрінің орынбасары:

– Соңғы уақытта коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсіп кетті. Сол себепті Наурыз мейрамын тойлауға қатысты бірқатар талап қойдық. Іс-шаралар ашық алаңдарда өтуі тиіс. Мәселен, саябақтар мен стадиондарда. Құқық қорғаушылар әлеуметтік қашықтықты сақтау мен маска тағуды қатаң қадағалайды. Бір жерде адамдар көп шоғырланбас үшін мерекелік шараларды махалляларда өткізуге кеңес береміз.