Кабулда мемлекеттік қызметкерлер мінген автобус жарылды

Ауғанстанда жарылыстан қаза тапқандар саны алтыға жетті. Тағы 16 адам зардап шеккен.

Кабулда Ақпараттық технологиялар және коммуникациялар министрлігінің қызметкерлері мінген автобусқа шабуыл жасалған болатын. Салдарынан жеті адам көз жұмып, 16 адам жарақат алды.

Бұған дейін БАҚ өкілдері үш адам қаза тауып, 12 адамның зардап шеккені туралы хабарлаған.